Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында сенсация жасады

Редактор
10.05.2025, 18:09

Болякин шәкірттері екінші матчты Германия құрамасына қарсы өткізеді

Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Швеция мен Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының элитиалық дивизионын Қазақстан құрамасы сенсациямен бастады.

Топтағы алғашқы кездесуін Олег Болякин шәкірттері Норвегия құрамасына қарсы өткізген. Норвегтер матч алдында сөзсіз фаворит саналды. Тіпті, бірінші кезеңде соған лайық ойын көрсетіп, Йоханнес Йоханнесен есеп ашқан.

Десе де, екінші кезеңде Қазақстан капитаны Роман Старченко есепті теңестірсе, шешуші үшінші кезеңде Владимир Волков жеңіс голын соғып, отандық жанкүйерлерінің мерейін үстем етті. Қорытынды есеп – 2:1.

Осылайша, ұлттық құрама алғашқы матчында жеңіске жетіп, сенсация жасады. Енді Болякин командасы Германиямен ойнайды.

Жалпы, Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр.

Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында өтеді.

Жарнама
Жарнама