Болякин шәкірттері 11 мамырда Германия құрамасымен ойнайды
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин әлем чемпионатының алғашқы матчына қатысты пікір білдіріп, жеңіске жетуге әсер еткен негізгі сәттерді атап өтті.
Еске салайық, элиталық дивизионның B тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Норвегиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
— Біз қарсылас команданы талдадық, олардың Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесулерін қарап шықтық. Норвегтердің агрессивті ойын үлгісінде ойнайтынын білдік, сондықтан жігіттерден дәл сондай қарқынмен ойнауды сұрадық. Матчты баяу бастағанымызбен, Артём Королёвтің күш қолданған әдісі командаға серпін беріп, жинақталып алдық. Одан кейін текетірес басталды, жеке-дара сәттерде үстемдік көрсеттік. Екінші кезеңнің алғашқы жартысында басымдықты өз қолымызға алдық. Алайда, кейде ойын тәртібіне қатысты қиындықтар болды.
Қақпашымыз Максим Павленко бірнеше рет команданы құтқарып қалды. Ол — адал әрі сенімді қақпашы. Жеңдік, енді әрі қарай жылжимыз.
— Бұл алғашқы жеңіс Қазақстанның плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін арттыратыны анық. Бірақ дәл қазір плей-офф туралы ойлау ерте емес пе?
— Халық айтса, қалып айтпайды: «Бақыт — тыныштықты жақсы көреді» деген бар. Бүгін ойыншылар тынығып, қалпына келуі керек. Ертең бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр. Әр матч сайын ойынымыздың сапасын жақсарта түсуіміз қажет.
Еске сала кетейік, әлем чемпионаты Дания мен Швецияда өтіп жатыр. Қазақстан ойындарының бәрін Данияның Хернинг қаласында өткізеді. Болякин шәкірттері 11 мамырда Германия құрамасымен ойнайды.