Оған мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазым атқаруға ешқандай шектеу қойылмаған
«Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мұсайбековтің заңды мәртебесіне қатысты клуб ресми мәлімдеме жасады.
«Барыс» хоккей клубы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клубтың бас директоры Сәкен Мұсайбековтың соттылығы жоқ екенін, оған мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазым атқаруға ешқандай шектеу қойылмағанын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіретін сот немесе әкімшілік шешімдердің жоқ екенін хабарлайды, – делінген ақпаратта.
Аталған ресми ақпарат барлық мүдделі тараптарға нақты әрі шынайы ақпарат ұсыну мақсатында жарияланып отыр.
Бұл тағайындауға қатысты шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушысы Сергей Шавернев пікір білдірген еді.