«Маминге қолайлы адам». Сотталған Мұсайбеков неге «Барысқа» бастық болды

19.06.2025, 10:35

Сергей Шавернев: Мұсайбеков шенеуніктердің менталитетін жақсы біледі

«Маминге қолайлы адам». Сотталған Мұсайбеков неге «Барысқа» бастық болды
Коллаж 1bol.kz

Сәкен Мұсайбеков жуырда «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды. Оның бұрын пара алып сотталғаны көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Осыған қатысты шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушысы Сергей Шавернев пікір білдірді.

«Бұл енді біз үшін жаңалық емес. Хоккейдің айналасында жүргендер білді. Мұсайбеков Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалғаннан кейін, оның әрі қарай өсетінін түсіндік. Қазір Мұсайбековтің қолына биліктің орталықтандырылуы өтіп жатыр. Ол баяғыда-ақ қолға алынуы тиіс міндетті — Олимпиада ойындарына жолдама алу мәселесін көтерді. Алайда, бұл әзірге тек ұран ғана, нақты іс-әрекеттер қажет. «Барыс» клубының директоры қызметі бұрыннан бері клубтың ішкі және сыртқы жұмыстарын алға жылжыту үшін қажет еді. Ойыншылармен келісімшарттар жасау, легионерлерге қатысты шешімдер қабылдау, оларды келісімге тарту үшін қаражат табу сияқты нақты жұмыстар атқарылуы керек. Клуб директорының қызметі біраздан бері бос тұрған еді, ал бұл адам — ыңғайлы тұлға. Ең алдымен, Қазақстан хоккей федерациясының президенті Мамин үшін. Сонымен қатар, Мұсайбеков шенеуніктердің менталитетін жақсы біледі, өйткені өзі де ұзақ уақыт мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Сондықтан да оған сенім артып отыр», - дейді Шавернев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында «Барыс» хоккей клубының жаңа бас директоры Сәкен Мұсайбековке қатысты өз пікірін айтқан.

Айта кетейік, Мұсайбеков 2021 жылы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол букмекерлік бизнестегі мүдделерді қорғап, қамқорлық көрсету үшін «Exirius» ЖШС басшысынан 6,2 млн теңге пара алған. Оның ішінде 4 млн теңгеге Hermes әйелдер сөмкесі сатып алынғаны анықталған.

Кейін Сәкен Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп, жауапкершіліктен босатылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам