«Барыс» бапкерінің жалақысы 55 млн теңге, келісімшарт бұзылса 200 млн теңге алады

Редактор
23.06.2025, 11:12

Сәкен Мұсайбеков клубтың бас бапкерін қызметінен босата алмайды екен

ХК “Барыс”

Дереккөз «Барыс» хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбеталиевті жұмыстан шығара алмайтынын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жақында ғана «Барыстың» бас директоры атанған Сәкен Мұсайбеков клубтың бас бапкерін қызметінен босата алмайды екен.

«Головой Об Лёд» дерегінше, Мәмбеталиев жылына 54,9 миллион теңге жалақы алады.  Алайда келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда жаттықтырушыға 200 миллион теңге өтемақы берілуі тиіс. Ал бұл онсыз да жағдайы тұрақсыз «Барыстың» қалтасына ауыр тиетіні сөзсіз.

Естеріңізде болса, былтыр Мәмбеталиевті клубқа сол кездегі бас директор Нұрлан Оразбаев шақырған. Дегенмен биылғы 8 сәуір күні Оразбаевтың өзі қызметінен кетті. Себебі ұжым Құрлықық хоккей лигасында өте нашар көрсетіп, маусымды сәтсіз аяқтады.