Глеб Решетько Қазақстан құрамасы сапында бес матчқа қатысқан
Қазақстандық қорғаушы Глеб Решетько келесі маусымда да «Лэнгли Ривермэн» сапында өнер көрсетеді. Бұл туралы Shaiba.kz жазды.
20 жастағы астаналық хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда BCHL чемпионатының тұрақты кезеңінде «Ривермэн» сапында жеті ойынға шықты. Алайда ол бұл кездесулерде ұпай жинай алған жоқ.
Сонымен қатар Глеб Решетько жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бес матчқа қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ернар Мұсабаевқа жұмсақ тіндердің қатерлі ісігі – миксоидты липосаркома (сирек кездесетін қатерлі ісік түрі) диагнозы қойылғанын жазған едік.
Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ернардың сөзіне қарағанда, ол емделуге Оңтүстік Кореяға аттанады. Осы орайда хоккейші көпшіліктен қолдау сұрады.