Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

246,6 миллион теңге: Америкалық қорғаушының «Барыстағы» жалақысы белгілі болды

Редактор
Бүгін, 09:57

келісім 2026 жылғы 31 мамырға дейін, яғни бір маусымға есептелген

"Барыс" ХК

«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартқа қол қойды. Біржақты келісім 2026 жылғы 31 мамырға дейін, яғни бір маусымға есептелген.

26 жастағы Уолшты 2017 жылы ҰХЛ драфтының үшінші раундында «Нью-Джерси Девилз» таңдаған. Кәсіби мансабын толықтай Солтүстік Америкада өткізген хоккейші соңғы маусымда «Лос-Анджелес Кингздің» фарм-командасы «Онтарио Рейн» сапында ойнады. Ол 72 матчта мұзға шығып, 32 (6+26) ұпай жинады. Жалпы АХЛ-де 317 кездесуде 168 (42+126) ұпай еншілеген.

Уолш NHL деңгейінде де бір ойын өткізіп үлгерген. 2021/22 жылғы маусымда ол нәтижелі пасымен есте қалған еді.

Ал енді оның Астанадағы табысына тоқталсақ. Райли Уолш «Барыста» жылына 37 миллион рубль немесе шамамен 246,6 миллион теңге жалақы алады. Бұл деректі «Спорт-Экспресс» тілшісі Радмир Сахибгареев өзінің Telegram-арнасында растады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: