Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18.08.2025, 16:09

Осылайша отандық клуб легионерлермен жаппай келісімге келіп жатыр

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты
Коллаж 1bol.kz

«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшарт жасасты. Біржақты келісім бір маусымға, 2026 жылғы 31 мамырға дейін есептелген.

Райли Уолшты 2017 жылы Ұлттық хоккей лигасының драфтында «Нью-Джерси Девилз» таңдаған. Ол кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізді. Өткен маусымда Райли ҰХЛ-дың «Лос-Анджелес Кингз» клубының фарм-командасы – «Онтарио Рейн» сапында өнер көрсетті. Ол 72 ойында 32 (6+26) ұпай жинады. Жалпы, АХЛ-де 317 матч өткізіп, 168 (42+126) ұпай еншілеген.

Сондай-ақ «Барыс» «Трактор» клубымен жасаған алмастыру келісімінен кейін Майкл Веккьонемен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Шабуылшы өзінің бүкіл кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Соңғы төрт маусым бойы Веккьоне ҰХЛ-дың «Вашингтон Кэпиталз» клубының фарм-командасы — «Херши Беарс» сапында өнер көрсетіп, екі мәрте Колдер Кубогын иеленді. Өткен маусымда Майк АХЛ-дың тұрақты чемпионатында 68 матч өткізіп, 39 (19+20) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 8 ойында 3 шайба соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Иэн Маккошенмен біржақты келісімшартқа қол қойғанын жазған едік. Оған қоса ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалап, «батпақтан шығуы қиын» екенін айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам