Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты

Редактор
23.01.2024, 15:28

Финалға шығу үшін Қазақстан құрамасы Латвияны жеңуі керек

olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан хоккейшілері (3х3 форматында) кезекті жеңісіне жетіп, жарыстың жартылай финалына шықты.

Таңертеңгі сессияда Испания хоккейшілерін 14:4 есебімен жеңген қазақстандықтар, түстен кейін Ұлыбританияны 22:13 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша Рамазан Қайдаров шәкірттері жартылай финалға жолдама алып отыр. Олар финалға шығу үшін Латвиямен кездеседі. Екі құрама бұған дейін топтық кезеңде өзара ойнап, латыш хоккейшілері басым түскен болатын.

Материалда: