Жарнама
Жарнама

UFC: Асу Алмабаев мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Редактор
22.11.2025, 22:13

Алмабаев қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. 

Асу Алмабаевтың жеке парақшасы

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде сенімді түрде жеңіске жетті.

Алмабаев аса жеңіл салмақта америкалық Алекс Переспен (25-9) жекпе-жек өткізіп, үш раундқа жоспарланған айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Үшінші раундта қазақстандық жауынгер қарсыласын қылғындыру әдісімен (submission) жеңді.

Бұл – Асу Алмабаевтың кәсіби мансабындағы 23-жеңісі, ал Алекс Перес осымен оныншы рет жеңіліс тапты.

Осылайша, Асу өзінің UFC-дегі көрсеткішін 6-1-ге жеткізді. Ал Перестің ұйымдағы статистикасы 2017 жылдан бері алғаш рет жаңартылып, 7-6 болды.

Реклама
Реклама