Жарнама
Жарнама

Бекзат Алмахан UFC-де екінші рет жеңіліс тапты

Редактор
22.11.2025, 21:50

Алмахан нокдаунға да түсіп қалды. 

UFC

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жеңіліс тапты.

Алмахан грузин спортшысы Александр Топуриямен (6-1) жекпе-жек өткізіп, үш раундқа жоспарланған айқаста төрешілер бірауыздан Топурияны жеңімпаз деп тапты. Үшінші раундта тіпті Алмахан нокдаунға да түсті.

Айқастан соң UFC Бекзат Алмахан (12-3) мен Александр Топурия (7-1) арасындағы жекпе-жек төрешілерінің қағаздарын көрсетті.

Үш раундқа созылған айқаста төрешілердің шешімі мынадай:

Бен Картлидж – 30-27 – Топурияның пайдасына

Цезари Войцеховски — 30-27 – Топурияның пайдасына

Андерс Ольссон — 29-28 – Топурияның пайдасына

Нәтижесінде грузин файтері ортақ шешіммен жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, Топурия UFC-де қатарынан екінші рет жеңіске жетіп, рекордын 2-0-ге жеткізді. Ал Алмаханның UFC-дегі көрсеткіші – 1-2.

Реклама
Реклама