32 жастағы спортшы 25 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде есе жіберген
UFC-де жеңіл салмақта чемпиондық белбеуге қол жеткізген ресейлік файтер Петр Янға жаңа Mercedes G63 көлігін сыйлық ретінде табысталды. Бұл туралы RCC Telegram-арнасы жазды.
7 желтоқсанда Ян грузин спортшысы Мераб Двалишвилиді үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы атанған болатын.
12 желтоқсанда спортшы туған жері Екатеринбургке келіп, RCC Gym залында жанкүйерлермен кездескен еді. Оны шамамен екі мың адам, сондай-ақ Свердлов облысының губернаторы Денис Паслер бастаған жергілікті шенеуніктер қарсы алған.
«Петр Янға бүгін лайық түрде құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды. Соның ішінде ең басты сыйлық су жаңа Mercedes G63 көлігі», – деп жазылған RCC хабарламасында.
Петр Ян бұған дейін де UFC чемпионы болған спортшы. Орыс файтері бұл белбеуді алғаш рет 2020 жылдың шілдесінде жеңіп алып, 2021 жылдың наурызында келесі жекпе-жекте титулынан айырылған еді. Қазіргі таңда 32 жастағы спортшы 25 жекпе-жек өткізіп, оның тек бесеуінде ғана есе жіберген.