Жарнама
Жарнама

ММА жауынгері 20 жастағы сүйіктісін ұрып-соғып, өлтіргісі келген

Редактор
25.12.2025, 18:31

Жәбірленушінің бет сүйектері сынып, бас-ми жарақатын алған

Коллаж 1bol.kz

Тверь облысында тұрмыстық жанжал ауыр қылмыспен аяқталды. 25 жастағы ММА спортшысы 20 жастағы құрбысын байлап, бірнеше сағат бойы соққыға жыққан. Оқиғадан кейін ол пәтерден қашып кеткен. Бұл туралы өңірлік полиция хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 19 желтоқсанда қыздың пәтерінде екеуінің арасында жанжал туындаған. Күдікті жәбірленушінің қол-аяғын байлап, беті мен денесінің әр тұсынан бірнеше мәрте соққы жасаған. Қыз ауыр жарақат алып, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Жәбірленушінің бет сүйектері сынып, бас-ми жарақатын алған. Оған хирургиялық операция жасалып, ұзақ әрі ауыр оңалту курсы қажет екені айтылды.

Полиция күдіктінің ізіне жедел түсіп, оны Мәскеу облысының аумағында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 112-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша іс қозғалды.

 

Реклама
Реклама

Материалда: