Жарнама
Жарнама

«Мен осындамын». Жалғас Жұмағұлов қарсыластарына үндеу жасады

Редактор
01.01.2026, 18:59

Ол жақында ғана чемпиондық атағын қорғады.

Instagram @zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) Oktagon лигасындағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады.

«Келесі кім? Мен әлі де осындамын. Кез келген уақытта дайынмын. ИншаАлла», - деп жазды Жұмағұлов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда Жалғас Жұмағұлов Чехияның Прага қаласында өткен Oktagon 81 турнирінде жергілікті спортшы Давид Дворжакпен (22-7) жекпе-жек өткізді. Жерлесіміздің қарсыласы екінші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасында ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Реклама
Реклама