Қазақстандағы MMA спортының дамуы туралы ашық подкаст
Аралас жекпе-жекке кино өнерінен келіп, биік белестерді бағындырып үлгерген Еркебұлан Тоқтардың феномені неде? Бруталды актер қалайша MMA жұлдызына айналып шыға келді? Ол қолдан жасалған жоба ма әлде расымен де маңдай терімен аудиторияны мойындатқан жауынгер ме?
Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін «Бірінші болдың» студиясына Еркебұланның менеджері Нұраддин Садық, спорт журналистері Исатай Мәди мен Олжас Байбосын жиналды.
Бүгінгі шығарылымда біз тек Еркебұлан Тоқтарды емес, оның октагондағы қарсыластары туралы, жалпы UFC лигасы мен аралас жекпе-жектегі жаңалықтарды талқыладық.