«Кейде оның құны денсаулық болуы мүмкін»: балдақпен жүрген Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 12:07

Ол операция жасатқанын растады.

©UFC

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты мәлімдеме жасады.

«Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз бағасы бар, кейде оның құны денсаулық та болуы мүмкін.

Шындықты жасырмай айтайын: жарақатыма байланысты тағы бір операция жасатуға тура келді. Енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Тиісінше октагонға оралуым тағы да кейінге шегерілді.

Әрине, мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген аштығым да арта түседі.

Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі әлі де Қазақстанға келуі тиіс. Қандай жағдай болса да жанымнан табылып жүрген баршаңызға рақмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана», - деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін танымал журналист Ариэль Хельвани Шавкаттың менеджері Дэнни Рубинштейнмен тілдескенін, қазақстандық файтердің тағы да жарақат алып, шамамен 9-10 айға октагоннан тыс қалатынын хабарлаған болатын. Себебі Алматыда өткен Naiza 80турнирінде «Номадтың» балдақпен жүрген еді.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген.

Реклама
Реклама