NAIZA 80: чемпиондық жекпе-жек және Жұман Жұмабековтың тарихи кеші

04.02.2026, 16:32

Негізгі жекпе-жектерден бөлек, NAIZA 80 октагонында Асет Анарбаев, Санжар Тажиев, Газиз Аманжолов және қазақстандық сахнаның өзге де өкілдері өнер көрсетті

Olimpbet Arena

31 қаңтар күні Алматыда NAIZA 80 мерейтойлық турнирі өтті. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында көрермендер тартысты жекпе-жектерді және лига тарихына енген ерекше сәтті тамашалады.

Али – жаңа чемпион

NAIZA 80 турнирінің басты жекпе-жегі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтті. Али Бадрудинов қысқа мерзімде жекпе-жекке шыққан Муратжан Юсуповпен кездесті.
Айқас бес раундқа созылып, жоғары қарқында өтті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Бадрудиновтың жеңісін жариялап, ол лиганың жаңа чемпионы атанды және дивизиондағы ең мықты спортшылардың бірі екенін дәлелдеді.

Жұман – тарихта

Турнирдің қосалқы басты жекпе-жегі бүкіл лига үшін айрықша мәнге ие болды. Қазақстандық ММА аңызы Жұман «Арлан» Жұмабеков тәжірибелі бразилиялық Рилдеси Диаспен күш сынасты. Қарсыласу екінші раундта аяқталды: Жұмабеков тұншықтыру әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.
Бұл кеш Жұман Жұмабеков үшін кезекті жеңіспен ғана емес, маңызды оқиғамен есте қалды. Оның есімі NAIZA промоушенінің Даңқ залына ресми түрде енгізілді. Сахнада спортшы өз эмоциясын жасыра алмады.

Мерейтойлық кештің ауқымы

Шараның мәртебесін жекпе-жек әлемінің аңыз тұлғасы Мирко Кро Коп Филиповичтің қатысуы айқындай түсті. Хорватиялық аралас жекпе-жек шебері әрі кәсіби кикбоксшы Жұмабековты жеңісімен және Даңқ залына енуімен жеке құттықтады.

Негізгі жекпе-жектерден бөлек, NAIZA 80 октагонында Асет Анарбаев, Санжар Тажиев, Газиз Аманжолов және қазақстандық сахнаның өзге де өкілдері өнер көрсетті.

Турнир ұйымдастыру деңгейі, кардтың сапасы және атмосферасы үшін жоғары баға алып, NAIZA-ның аймақтағы ең мықты промоушендердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

NAIZA-ның бас серіктесі – Olimpbet, беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы жетекші қазақстандық компания, елдің спорт саласындағы №1 инвестор.

Реклама
Реклама

Материалда: