Бұл Лондондағы айқастан соң белгілі болды.
UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0) лигадағы ең үздік кәсіби рекорд иесі мәртебесінен айырылды.
Бұған дейін Рахмонов UFC-дегі мінсіз көрсеткішімен (19-0) және жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтау көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған еді. Алайда Лондондағы жеңісінен кейін ресейлік Мовсар Евлоев (20-0) бұл көрсеткіште қазақстандықты басып озып, бірінші орынға шықты.
Еске салайық, аталған кештің басты жекпе-жегінде Евлоев ағылшын спортшысы Лерон Мерфиді жеңді. Осылайша, ресейлік файтер титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындай түссе, ағылшын мансабында алғаш рет жеңілді.
Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында октагонға шыққан. Содан бері ол денсаулығына байланысты жекпе-жек өткізген жоқ.