Жарнама
Жарнама

Конор Макгрегор шілдеде октагонға оралуы мүмкін

Редактор
Бүгін, 18:09

Оның болжамды қарсыласының аты да аталды.

© REUTERS / Mike Blake

UFC-дің жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелеріндегі экс-чемпионы Конор Макгрегор октагонға қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Ариэль Хельвани мәлімдеді.

Оның айтуынша, Макгрегор мен UFC арасындағы кездесу сәтті өткен. Енді ирландиялық файтер 11 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC 330 турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Аталған турнир Халықаралық жекпе-жек апталығы аясында ұйымдастырылады.

Хельвани UFC үшін дәл қазір Макгрегордың оралуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, промоушен ирландиялық жұлдызды қайта октагонға шығару үшін бар күшін салуде. Журналист келіссөздердің оң бағытта өрбіп жатқанын алға тартты.

Конор Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан болатын. Сол кезде ол Дастин Порьемен өткен трилогияда техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Кейін ол 2024 жылдың маусымында UFC 303 турнирінде Майкл Чендлермен төбелесуі тиіс еді, алайда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан.

2025 жылы Макгрегор UFC-дің допинг-бақылау бағдарламасына қайта қосылып, кәсіби мансабын жалғастыруға ниетті екенін алға тартты. Әзірге оның келесі қарсыласы анықталған жоқ. Дегенмен UFC 326 турнирінде Макс Холлоуэйді жеңіп, BMF белдігін иеленген Чарльз Оливейрамен титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін деген болжам бар.

Реклама
Реклама