Жарнама
Жарнама

«Жазасын кейін өтейді». Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды

Редактор
27.03.2026, 13:44

Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Коллаж: Ozgeris.info

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты үкім шығарды.

Сот абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 345-бабының 4-бөлігі).

Прокурор айыпталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айыру да ұсынылды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот әйелдің 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар екенін ескерді, оның жазасын ауырлататын басқа мән-жайлар анықталмады.

«Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

 

Реклама
Реклама

Материалда: