Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тоқтар жекпе-жекке дейін төбелес шығарды

Редактор
Бүгін, 08:00

Файтерлер «бір минуттық» жекпе-жек өткізуге келісіп, 60 секунд бойы өзара соққы алмасты.

ск

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар (11-3) мен қырғызстандық Марсель Нурланбек уулу (14-0) ресми жекпе-жекке дейін-ақ өзара күш сынасып үлгерді.

Екі спортшының айқасы 28 наурыз күні Ереван қаласында өтетін Hype Asia турнирі кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Кездесу бокстың ережесі бойынша, ММА қолғаптарымен өтеді.

Алайда қарсыластар гонгты күтпей, баспасөз конференциясы кезінде сөзге келіп қалды. Бір-бірін қорқақтықпен айыптаған соң, файтерлер «бір минуттық» жекпе-жек өткізуге келісіп, 60 секунд бойы өзара соққы алмасты.

Айта кетейік, бұған дейін спортшылар көз арбасу (дуэль взглядов) рәсімінде де шиеленісті жағдай туғызған.

Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі 28 желтоқсанда Ташкент қаласында өткен. Ол жергілікті файтер Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңді. Кездесу бокстың ережесі бойынша өтті.

Ал Марсель Нурланбек уулу соңғы рет қазан айында Түркістанда өткен Alash Pride FC 113 турнирінде өнер көрсетіп, өзбекстандық Мұхаммадризвон Қахоровты сабмишн әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Реклама
Реклама