Жарнама
Жарнама

Бұрын жекпе-жекке шыққанда аш едім, қазір тоқпын - Еркебұлан Тоқтар

Редактор
Бүгін, 01:21

Тоқ адамға төбелесу өте қиын.

скрин видео

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлынан жеңілді. Жекпе-жектен кейін ол жеңілістің себебін түсіндірді.

«Мен өзімді жеңілдім деп санамаймын. Жеңдім деп те айта алмаймын. Бірінші раундты алдым, екіншісін бердім, үшіншісін қайтадан өзіме жаздым деп ойлаймын. Бірақ шешімді бағалайтын адамдар бар. Бұрын жекпе-жекке шыққанда аш едім, қазір тоқпын. Тоқ адамға төбелесу өте қиын. Енді маған үзіліс алу керек. Отбасын құрып, үйленгенім дұрыс болады», - деді Еркебұлан Тоқтар.

Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың ММА-дегі кәсіби рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Ол соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамызында өткізіп, ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ал Марсель Нұрланбекұлы ММА-де жеңіліс көрмеген спортшы. Оның рекорды – 14 жеңіс, 0 жеңіліс. Соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутқа түсірген.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың бұған дейінгі жекпе-жегі 28 желтоқсанда Ташкентте өткен. Ол кезде қазақстандық файтер жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Реклама
Реклама