Қазақстандық танымал блогер әзірбайжандық файтерден жеңіліп қалды

Редактор
21.10.2023, 23:33

Жекпе-жек небәрі жарты раундқа созылды

Vesti.kz

Қазақстандық блогер, аралас жекпе-жек балуаны Әділет Айтжанов Алматыда өткен Octagon 51 турнирінде Әзірбайжан файтері Намик Агабалаевтан жеңілді. 

Айтжанов аталған турнирде ең жеңіл салмақта (56 келіге дейін) төбелесті. Ол жекпе-жекті жақсы бастаған, соққылары дөп тиіп, қарсыласын тығырыққа да тіреді. Алайда, Агабалаев соққы астында жатып-ақ қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.

Аталған жекпе-жек небәрі бірінші раундтың орта тұсында аяқталды.

Материалда: