Рамзан Қадыров UFC файтері Хамзат Чимаевқа су жаңа «Гелендваген» сыйлады

24.10.2023, 00:40

Сыйлығымен мақтанған Хамзат автокөліктің фотосуретін әлеуметтік желіде жариялады

Instagram

Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров өткен аптада UFC 294 турнирінде нигериялық файтер Камару Усманды жеңген Хамзат Чимаевқа су жаңа Mercedes–Benz Gelendwagen сыйға тартты.

Шешен балуаны болса өз сыйлығына өзі тамсанып, көліктің фотосуретін өзінің Instagram-парақшасына жүктеп қойды.

Айта кетейік, Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде Чимаев пен Усман үш раунд бойы төбелесіп, төрешілердің шешімімен шешен файтері жеңімпаз деп танылды.

Ол сондай-ақ, осы жеңісіне берілетін гонорарды мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін жұмсайтынын айтып отыр.