Жарнама
Жарнама

Дана Уайт Ақ үйдегі UFC турнирінің қомақты жүлде қорын жариялады

Редактор
Бүгін, 14:55

«Кештің үздік жекпе-жегі»: Файтерлердің әрқайсысы 300 мың доллардан алады

Getty Images

Дана Уайт Ақ үйде өтетін UFC White House – Freedom 250 турнирінің жүлде қорын ресми түрде жариялады. Беделді кеш 15 маусым күні Вашингтонда өтеді.

UFC басшысының мәліметінше, турнирдің жалпы бонус қоры 1 миллион долларды құрайды. «Кештің үздік жекпе-жегі» атағын алған файтерлердің әрқайсысы 300 мың доллардан алады. Ал турнирдегі ең үздік өнер көрсеткен екі спортшыға 200 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы табысталады.

Айта кетейік, UFC White House – Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, жеңіліп көрмеген Илия Топурия октагонға шығады. Оның қарсыласы – UFC-дің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері Джастин Гэтжи.

29 жастағы Илия Топурия мансабындағы барлық жекпе-жекте жеңіске жетсе, 37 жастағы Джастин Гэтжи UFC-дегі ең тәжірибелі әрі ең қауіпті файтерлердің бірі саналады.

Реклама
Реклама