Жарнама
Жарнама

Мұхит Амантаев пен Ануарбек «Мотиватордың» жекпе-жегі ресми бекітілді

Редактор
20.05.2026, 20:38

Екі спортшы арасындағы айқас 4 шілдеде өтеді

instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық танымал бапкер Мұхит Амантаев келесі жекпе-жегін өткізеді. Ол жеңіл салмақта қазақстандық файтер Әнуарбек Бекембетовпен қолғап түйістіреді.

Екі спортшы арасындағы айқас 4 шілде күні Алматыда өтетін IBA Nomad 15 турнирінің аясында ұйымдастырылады.

«Мұхит Амантаев – Әнуарбек “Мотиватор” Бекембетов. Екі файтер де көрерменге жарқын шоу сыйлап, көптен бері жалғасқан текетіресті аяқтауға ниетті», – делінген хабарламада.

Мұхит Амантаев соңғы рет 2026 жылдың 24 қаңтарында Өскеменде өткен Steppe Boxing медиа бокс кешінде шаршы алаңға шыққан еді. Кештің басты жекпе-жегінде ол қырғызстандық файтер Марат Ишеналыұлы небәрі 50 секундта нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ал Ануарбек «Мотиватордың» соңғы айқасы 2024 жылдың қыркүйегінде өткен. Кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен кездесуде ол қазақстандық Дастан Бекенге қарсы шығып, төрт раунд қорытындысында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, сәуір айында өткен IBA Nomad 14 турнирінде Амантаев қырғызстандық Марсель Нурланбекұлымен көз арбастырған еді. Жанкүйерлер олардың жекпе-жегін ұзақ күтті. Алайда кейін Марсель ұсынылған гонорарға келіспегенін мәлімдеп, кездесу өтпей қалған.

Реклама
Реклама