Жарнама
Жарнама

Әліби Ыдырыстың бапкері допинг дауына қатысты шындықты айтты

Редактор
20.05.2026, 14:00

Оның айтуынша, мәселе салмақ қуу процесінде кеткен қателікпен байланысты болған

әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC жауынгері Әліби Ыдырыстың бапкері Айбек Шоқпұтов спортшының допингке байланысты дисквалификациясына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Еске салайық, сәуір айының басында UFC ресми сайтында Әліби Ыдырыстың антидопинг ережесін бұзғаны үшін бір жылға шеттетілгені жарияланған болатын. Оның ағзасынан тыйым салынған диуретик – гидрохлоротиазид табылған. Осыған байланысты ямайкалық Оди Осборнға қарсы жеңісі де күшін жойды.

Кейінірек Ыдырыстың өзі қолданған препарат классикалық допинг саналмайтынын, алайда тыйым салынған заттар тізіміне кіретінін айтқан еді.

Ал бапкер Айбек Шоқпұтовтың сөзінше, мәселе салмақ қуу процесінде кеткен қателікпен байланысты болған.

«Әлібиде допинг болған жоқ. Мәселе салмақ қуу кезінде қолданылған препараттарға қатысты. Оның өзі өте аз мөлшерде пайдаланылды. Негізі онсыз да өтуге болатын еді. Бірақ бұл жерде тәжірибесіздік пен ережені толық білмеу әсер етті. Диета жағынан көмектескен адаммен үнемі байланыста болды. Мен де бұл мәселе алдын ала келісілген деп ойладым. Мұндай жағдай – біз үшін үлкен сабақ. Ереже қандай болса да, жауапкершілік спортшының өзіне жүктеледі. Енді мұндай қателікке жол бермеу керек екенін жақсы түсіндік», – деді Шоқпұтов Namys Fighting-ке берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Материалда: