Жарнама
Жарнама

Конор Макгрегордың Ресейдегі жекпе-жегіне қатысты тың мәлімет шықты

Редактор
22.05.2026, 11:36

Бұл туралы белгілі ресейлік промоутер Владимир Хрюнов мәлімдеді

UFC

UFC-дің экс-чемпионы Конор Макгрегор алдағы уақытта Ресейде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы белгілі ресейлік промоутер Владимир Хрюнов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ирландиялық файтердің өкілдерімен белсенді келіссөздер жүріп жатыр. Кездесуді күз айларында ұйымдастыру жоспарда бар.

«Макгрегордың командасымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әзірге бәрі талқылау кезеңінде. Жекпе-жектің бокс не ММА форматында өтуі мүмкін. Жобаға қызығушылық танытып отырған ірі бизнес құрылым бар, сондықтан бұл үлкен кешке айналуы ықтимал», — деді Хрюнов.

Айта кетейік, UFC жуырда ғана Конор Макгрегордың октагонға оралатынын ресми түрде хабарлаған еді. Ирландиялық жұлдыз UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэймен айқасады. Жекпе-жек 12 шілдеде Лас-Вегаста өтеді.

Макгрегор соңғы рет 2021 жылы Дастин Порьемен кездесіп, ауыр жарақат алғаннан кейін ұзақ уақыт октагоннан тыс қалған болатын.

Реклама
Реклама

Материалда: