Жарнама
Жарнама

UFC-дің бұрынғы чемпионы Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Редактор
Бүгін, 18:11

Қазіргі таңда Энтони Петтис Алматыда жүр

коллаж: 1bol.kz

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Энтони Петтис қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтарға арнап ерекше үндеу жолдады.

ORDA Global Fights промоушені жариялаған видеода америкалық спортшы қазақтың киіз үйінде отырып: «Еркебұлан, қайдасың?» деп қазақ тілінде тіл қатқан. Бейнежазбада оның алдында ұлттық тағам қойылған.

Промоушен жариялаған жазбада: «Еркебұлан Тоқтар, келесі кезек сенің басыңа келеді» деген әзіл-шыны аралас сипаттағы ескерту де берілген.

Қазіргі таңда Энтони Петтис Алматыда жүр. Ол 6 маусым күні өтетін ORDA Global Fights ұйымының алғашқы турниріне қатысады. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық файтер қазақстандық Әділ Боранбаевпен кездеседі.

Петтис аралас жекпе-жек тарихындағы ең танымал спортшылардың бірі саналады. Ол 2010 жылы Бенсон Хендерсонға қарсы жекпе-жекте тордан серпіле секіріп жасаған әйгілі «Showtime Kick» соққысымен әлемге танылды.

2013 жылы Петтис Хендерсонды жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Кейін Гилберт Мелендеске қарсы титулын сәтті қорғады. Өз мансабында ол Дональд Серроне, Чарльз Оливейра, Стивен Томпсон және Майкл Кьеза секілді белгілі файтерлерді жеңген.

Ал Еркебұлан Тоқтар соңғы рет биыл наурыз айында Ереванда өткен Hype Fighting турнирінде өнер көрсетіп, Марсель Нұрланбекұлына төрешілер шешімімен жол берген болатын.

Реклама
Реклама

Материалда: