Жарнама
Жарнама

Көптен күткен айқас: Хамитов пен Царукян кездеседі

Редактор
04.06.2026, 12:29

Қос спортшы 11 шілде күні кездеседі

instagram.com/rafwrestlingusa

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов пен UFC-де өнер көрсететін Арман Царукян арасындағы белдесу ресми түрде бекітілді.

Қос спортшы 11 шілде күні Тбилисиде өтетін RAF Georgia турнирі аясында орта салмақ дәрежесінде кездеседі.

Бұл жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Себебі Хамитов пен Царукян бұған дейін бірнеше рет бір-біріне қатысты өткір пікір айтып, сөз таластырған болатын. Енді олардың текетіресі жекпе-жек алаңында жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы кездесуінде бразилиялық Алан Сильваны жеңсе, Арман Царукян жақында америкалық Килон Джимисоннан басым түсті.

Реклама
Реклама