Дональд Трамп UFC чемпионының соңғы жеңісіне жоғары баға берді
UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы Джастин Гэтжи тарихи жеңісінен кейін тағы да Ақ үйге барды.
Америкалық файтер бұл жолы Вашингтонға ресми қабылдауға шақырылып, ата-анасымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамптің резиденциясына арнайы қонақ болды.
Гэтжи бұл кездесудің өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтып, президентпен жүздескеніне және Ақ үй әкімшілігіндегі көптеген танымал тұлғалармен танысқанына қуанышты екенін жеткізді.
Өз кезегінде Дональд Трамп UFC чемпионының соңғы жеңісіне жоғары баға берді.
«Джастин Гэтжи ата-анасымен бірге екі апта бұрынғы керемет жеңісін атап өту үшін келді. Бұл телевизия тарихындағы ең жоғары рейтинг жинаған жекпе-жектердің бірі болды. Нағыз керемет айқас! Бұған дейін жеңіліп көрмеген ұлы файтерді жеңген чемпионды қарсы алу – үлкен мәртебе», – деді Трамп.
Еске салайық, Ақ үй аумағында өткен ерекше UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Джастин Гэтжи Илия Топурияны мерзімінен бұрын жеңіп, қарсыласының мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді. Сонымен қатар ол жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін иеленді.