Жарнама
Жарнама

Махачев бокста дебют жасауға дайын екенін мәлімдеді

Редактор
Бүгін, 13:59

Турки Әл аш-Шейх Махачевке бокс жекпе-жегін ұсынды

© Mike Roach / Contributor / UFC

UFC чемпионы Ислам Махачев кәсіби бокста дебют жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Ресейлік файтердің айтуынша, ол Сауд Арабиясында ірі бокс кештерін ұйымдастырып жүрген Турки Әл аш-Шейхпен бұл мәселені талқылаған.

«Біз Нью-Йоркте Турки Әл аш-Шейхпен кездестік. Ол маған: “Боксқа шығуға дайын болған кезде хабарлас, бірдеңе ұйымдастырамыз” деді. Мен кез келген уақытта дайын екенімді айттым. Енді тек Дана Уайтпен келісу керек», – деді Махачев MMA Junkie басылымына.

Еске салайық, 16 тамызда Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри болады.

Махачев соңғы кездесуін 2025 жылдың қараша айында өткізіп, Джек Делла Маддаленаны жеңу арқылы UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанған еді. Аралас жекпе-жектегі мансабында ол 28 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Реклама
Реклама

Материалда: