Жарнама
Жарнама

Дияр Нұрғожай UFC-дегі соңғы мүмкіндігін пайдалана ала ма?

Редактор
Бүгін, 14:41

Отандық файтер жеңілген жағдайда UFC онымен келісімшартты ұзартпайды

ufc.com / Diyar Nurgozhay

9 тамызға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде қазақ файтері Дияр Нұрғожай (11-2) бразилиялық Бруно Лопеспен (14-3) жекпе-жек өткізеді.

Отандасымыз үшін бұл UFC промоушеніндегі соңғы айқас болуы мүмкін. Өйткені, қос тарап арасындағы келісімшартта қазақ файтері төрт жекпе-жек өткізеді деп көрсетілген. Оның үшеуін Дияр өткізіп қойды: бір рет жеңіп, екі рет жеңілді. Осы жолы тағы жеңілсе Дана Уайт басқаратын ұйым келісімшартты ұзартпайтыны айтпаса да түсінікті. Жеңсе – қайта атлқылайды.

Аталған жекпе-жек Дияр үшін ауыр болады. Өйткені, оның қарсыласының да жағдайы дәл осындай: Бруно Лопес те контракт аясында соңғы айқасын өткізгелі отыр, UFC-де қалу үшін ол бұл күні барын салады.

Жалпы, UFC Fight Night турнирінде бұл жолы 12 жекпе-жек болады деп жоспарланған. Оның бесеуі негізгі картта, қалған жетеуі қосалқы картта. Астана уақытымен түнгі екіде басталатын жекпе-жек кеші таңғы тоғызға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

Материалда: