Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін октагонға оралған жоқ
Аралас жекпе-жек шебері, Misfists лигасының чемпионы америкалық Диллон Дэнис қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың жарақаты UFC-дегі жағдайды мүлдем өзгертіп жібергенін айтып, таңданысын жасырған жоқ.
«Бір адамның жарақаты бүкіл спорттың бағытын қалай өзгерткен көру және оған сену қиын. Егер Шавкат Рахмонов тізесін жарақаттап алмағанда, Ислам (Махачев) салмағын ауыстырмас еді, Джастин (Гейджи) ешқашан чемпион атанбас еді, Илия (Топурия) екінші белбеуге ие болмауы да мүмкін еді, Джек Делла Маддалена чемпиондық жекпе-жекке шықпас еді, Иэн Гэрри белбеу үшін айқаспас еді және тағысын тағы. Спорт деген осы!» - деп жазды Дэнис X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін октагонға оралған жоқ. Ол сол айқаста аяғын ауыр жарақаттап алған. Гэрри болса осыдан кейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетіп, енді 16 тамызда чемпиондық титул үшін Ислам Махачевпен кездескелі жатыр.
Осыдан бірнеше күн бұрын Шавкаттың дәрігері оның толықтай жалызғанын мәлімдеп, жаттығуға кірісуге рұқсатын берді. Енді жанкүйерлері оның жекпе-жегін 2027 жылдың басында көруі мүмкін.