Екінші раундта Исламның ауыр тепкісінен кейін төреші нокдаун тіркеп, есеп ашты
UFC-де жартылай орта салмақта әлем чемпионы ресейлік Ислам Махачев ирландиялық Иан Гэрриді жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды.
Қос файтер арасындағы жекпе-жек Филадельфияда (АҚШ) өткен UFC 330 турнирінің басты оқиғасына айналды. Бес раундқа жоспарланған айқас соңына дейін жалғасып, төрешілер шешімімен шешен жауынгері жеңімпаз деп танылды.
Жекпе-жектен кейін Махачев Гэрриді өз мансабындағы ең қиын қарсыластың бірі болғанын мойындады.
«Иэн – ұлы жауынгер және жақсы жігіт. Мен оны құрметтеймін. Маған өте жақсы жекпе-жек берді. Сол үшін рахмет. Мен үшін бұл мансабымдағы ең қиын айқас болды дейсіз ме? Мүмкін. Аустралиядағы жекпе-жек қиынырақ болған. Оның бапкері джиу-джитсудан ең үздік бапкер болатын. Жалпы, жартылай орта салмақта жеңу қиындау екен, бірақ мен өз дегенімді істеймін», - деді Ислам Махачев жекпе-жектен кейін.
Айта кету керек, шешен файтері бұған дейін жеңіл салмақта өнер көрсетіп, сол дивизионда әлем чемпионы болған. Жартылай орта салмаққа көтерілгеннен кейін ол аустралиялық Джек Дела Маддаленаны жеңіп, оның чемпиондық титулын тартып алды.
Осылайша Ислам Махачевтің аралас жекпе-жектегі жеңістер саны 29-ға жетті. Ол небәрі бір рет жеңілген. Ал, Иан Гэрри болса 17 рет жеңіп, екі рет жеңілді. Оның бірінде қазақ Шавкат Рахмоновқа есе жіберген еді.