басты додалар Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады
UFC 2026 жылдың соңында өтетін екі нөмірлі турнирдің орнын анықтады. Жылдың қорытынды бөлігіндегі басты додалар Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады.
UFC 334 турнирі 15 қарашада Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қараша айында Нью-Йоркте нөмірлі турнир өткізу UFC үшін дәстүрге айналған. Бұл үрдіс тек 2020 жылы пандемияға байланысты бұзылған еді.
Ал жылдың соңғы нөмірлі турнирі – UFC 335 13 желтоқсанда Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл Аренада» өтеді.
Әзірге екі турнирдің толық жекпе-жек бағдарламасы жарияланған жоқ. UFC 334 және UFC 335 кештерінде кімдердің басты жекпе-жекке шығатыны кейін белгілі болады.