Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған файтер ауыр жарақат алып қалды

Редактор
13.03.2024, 14:28

Енді екеуінің арасында жекпе-жек мәселесі кейінге қалады

UFC Russia

Аралас жекпе-жектен аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена (17-2) қол сүйегін сындырып алды. Соңғы жекпе-жекте бразилиялық Гилберт Бернспен (22-7) октагонға шыққан ол ауыр жарақат алғанын енді ғана білген.

Аталған жекпе-жек Майамидегі UFC 299 турнирі аясында болған еді. Маддалена қарсыласын екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Алайда, осы төбелес кезінде ол қолын сындырып алған екен. Сүйегінің рентген фотосуретін спортшы әлеуметтік желіге жүктеді.

Еске салайық, аталған жеңісінен кейін Маддалена Шавкат Рахмоновты (18-0) жекпе-жекке шақырған болатын. Қазақ файтері оған көп күттірмей жауап қатып, оның еш мүмкіндігі жоқ екенін ашып айтты.