Шавкат қарындасының тойына да келген жоқ. Хан Ата ешқашан профиге өте алмайды – Нұраддин Садық

Редактор
23.03.2024, 18:53

Бүгінгі әңгімеміз – аралас жекпе-жек, MMA, UFC, поп-ММА тақырыбында болды.

1bol.kz

БІРІНШІ БОЛ қонағы – спорт менеджері, промоутер, қоғам белсендісі Нұраддин Садықов. 

Нұраддин бұл спорттың әлі де пайда әкелетін бизнеске айналмағанын алға тартты. Ол үшін менеджерлік компаниялар Шавкат Рахмонов сынды атағы жер жаратын, даңқы аспандаған жауынгер жасақтауы керек. 

Қазір OCTAGON лигасы әлемге танымал UFC жұлдызын жасақтау үшін барын салып жатыр екен. Нұраддин Садықов "Менің мақсатым – кемі екі-үш Хабиб шығару" деп мәлімдеме жасады. 

Одан бөлек, қазіргі файтерлерге тек талантты спортшы болу аздық ететінін, әлемдік межені бағындырып, жекпе-жегіне мыңдаған көрермен тарту үшін шоу бизнеске жақын болуы керегін айтты. 

Хан Ата мен Дикий Дарабоз неге ешқашан профиге шыға алмайды? Поп-ММА профи файтерлердің аяғына тұсау ма, әлде оның пайдасын көре алмай отырмыз ба? Осы және басқа да қызықты әңгімені естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз.