Ол үш жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралған еді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Ашимов жапондық Rizin промоушнында өзінің дебюттің кездесуін өткізіп, жеңіліп қалды.
Кобе қаласындағы Rizin Landmark 9 турниріне қатысқан жерлесіміз тәжірибелі жапон файтері Юсаку Накамурамен октагонға шығып, оның осал тұсын таба алмады. Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте жергілікті спортшы басымдық танытып, төрешілер жеңісті бірауыздан Накамураға берді.
Осылайша, жапон файтері өзінің 19-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол он кездесуде жеңіліп, бірінде тең түскен. Ал, Ашимов болса төртінші рет жеңіліс тапты. Оның 12 жеңісі бар.
Айта кету керек, Арман Ашимов MMA-да 202 жылдан бері енді жекпе-жек өткізіп отыр. Оның ұзақ уақыт үзіліс алғанына не себеп болғаны белгісіз.