«Мен ешкімнің алдында міндетті емеспін»: Қуат Хамит өзінің артықшылығын айтты

Редактор
08.04.2024, 10:20

Ол футболшылармен өзін салыстырды

Спорт Экспресс

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов «Вестник MMA» YouTube-каналына сұхбат беріп, өзінің футболшылардан айырмашылығын айтты.

Еске салайық, отандық файтер қазақ футболын ұзақ уақыттан бері сынап келеді.

«Менің футболшыдан айырмашылығым – мен ешкімнің алдында есеп бермеймін. Егер жеңілсем, өзіме жеңілген болам. Өйткені, мен халықтың ақшасын алып жатқан жоқпын. Ал, егер сен мемлекеттік есебіне күн көріп жатсаң, халықтың ақшасына ойнап жатсаң, сен нәтиже көрсетуге міндеттісің. 

Маған кейде «өзінің нәтижеңе қарап алсай» деп мұқатқысы келетіндер бар. Оларға айтар бір-ақ жауабым бар: мен сендер сияқты біреудің алдында міндетті емеспін. Қажет болса мың рет, миллион рет жеңілемін.

Мен 38 жекпе-жек өткіздім, олардың жартысы шетелде өтті. Қазақстанның бюджетіне жарты миллион доллардан астам қаражат пайда түсірдім. Яғни, жеңіп алған ақшамды Қазақстанға келіп жараттым, осында салық төледім. Бірде-бір футболшы бұл тұрғыда маған сын айта алмайды», - деді Қуат Хамитов.

Материалда: