Қазақстандық MMA шебері туған ағасына су жаңа Hyundai Palisade сыйға тартты (ВИДЕО)

Редактор
09.04.2024, 11:58

Ағасы тосынсыйға ешқандай эмоция білдірген жоқ

Фото ашық дереккөзден

«Қазақ терминаторы» атанып кеткен Мұратбек Қасымбай туған ағасына су жаңа автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Айта кетейік, М.Қасымбай аралас жекпе-жек шебері. Ол панкратион спортынан әлем чемпионы атанған. Бүгінге дейін октагонда жекпе-жек өткізіп, оның 11-де жеңіске жеткен. Төрт рет жеңілген.

«Ағама осындай автокөлік алдым. Бірақ, менің ағам өте салқынқанды адам, оның еш таң қалмайтынына сенімдімін. Оны ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың», - дейді Қасымбай өзі таратқан видеороликте.

Су жаңа Hyundai Palisade автокөлігін алған Мұраттың ағасы расымен де ешқандай эмоция көрсеткен жоқ, ол інісін жай ғана құшақтап, алғысын айтты.