«Қиын болды»: Қуат Хамитов орыс файтерінен жеңілуінің себебін түсіндірді

Редактор
13.05.2024, 11:11

Бұл – қуаттың тоғызыншы жеңілісі

instagram.com/kuat__khamitov

Ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалған Қуат Хамитов мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жоғары салмақта төбелесу аса қиын болған.

Еске салайық, қос спортшы 84 келі салмақта октагонға шықты. Үш раунд төбелестің нәтижесінде ресейлік файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

«Достар, маған жанкүйер болған баршаңызға рахметімді айтқым келеді. Мен бабымда едім, бәрі жоспардағыдай өтіп жатқан, бірақ 84 келіде төбелесу мен ойлағаннан өте қиын болды. Бәлкім бірінші дайындық жекпе-жегін өткізіп алуым керек еді… Сонда да, баршаңызға рахмет», - деп жазды Қуат Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Александр Шлеменко 40 жаста, ал Хамитов 36-да.