Қуат Хамитов енді 42 жастағы Александр Емельяненкомен айқасуға дайын

Редактор
13.05.2024, 12:21

Ол күні кеше 40 жастағы Шлеменкодан жеңілген болатын

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов MMA.Metaratings.ru-ға берген сұхбатында АСА лигасында қандай жағдайда айқас өткізуге дайын болатынын айтты.

«АСА-да өнер көрсетуге құлшынып тұрған жоқпын. Маған лайықты әрі мықты қарсылас тауып берсе, келісуші едім. Егер Александр Емельяненкомен кездесу ұйымдастырып берсе, онда лигада бір жекпе-жек өткізуге дайынмын. Олар Емельяненконы қайтара алады, әйтпесе ол жақта басқа керемет жауынгер жоқ, спортшылар ғана», – деді Хамитов.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Емельяненко 2020 жылы ACA-да бір кездесу өткізіп, Магомед Исмаиловтен жеңілген. Оған дейін WFCA-да екі жекпе-жекке қатысты. Ал өзінің соңғы айқасын ол 2021 жылғы қарашада өткізді.

Қуат Хамитов болса 11 мамырда Екатеринбург қаласында өткен RCC 19 турнирінде 40 жастағы ардагер файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды.