Шавкат Рахмонов жол жиегіне тұрып қалған көлікті итеріп шығарып жіберді (ВИДЕО)

Редактор
13.05.2024, 15:58

Видеоны бір тәулікте жүздеген мың адам көріп үлгерді

instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмонов жол бойында тұрып қалған автокөлікті итеріп шығаруға көмектесті. Осынау сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде таралуда.

«Оқиға 2 мамырда Алматы қаласының көшелерінің бірінде болған. Жол бойында қалған көлікті 4 ер азамат итеріп шығарған. Солардың ішінде UFC промоушенінің файтері Шавкат Рахмонов та бар», - деп жазды Nur.kz порталы.

Instagram-қолданушыларының пікірінше, көлік иесі Шавкатты танымаған болуы да мүмкін. Олар спортшының қарапайымдылығына тәнті болған.

Материалда: