Қазақтың күйеу баласы Дуглас Рибейроны сабаған Қытай қазағы орыс файтерімен төбелеседі

Редактор
28.05.2024, 18:29

Ол бұған дейін қазақ қызына үйленген бразилиялық Дуглас Рибейроны оңдырмай жеңген болатын

Naiza

Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы (9-1) WKG лигасы турнирінің басты жекпе-жегіне шығатын болды.

Sport Plus Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, Тайлақ пен ресейлік Максим Шимченко арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні Қытайдың Ақсу қаласында өтеді. Бұл осы кештің басты жекпе-жегі болмақ.

Нұражыұлы өзінің соңғы жекпе-жегін NAIZA лигасының турнирінде өткізіп, бразилиялық Дуглас Рибейроні нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Тайлақ сол жекпе-жек алдында қазақ қызына үйленген файтерге былай деген болатын:

«Қазақтың күйеу баласы болу оңай емес. Небір сынақтар бар. Мен бүгін сол сынақтардың бірі боламын. Майданда оның өнерін көретін боламыз. Бұл жігіт жезде болуға лайық па, жоқ па, осы жерде көресіздер», - деген еді спортшы.

Ал, кездесу ұзаққа созылмады. Үш раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен, Қытайдан келген қандасымыздың жеңісімен аяқталды.