Хабиб Нурмагомедов UFC-ге оралып, Ислам Махачевке көмектесетін болды

Редактор
30.05.2024, 00:11

Ол 2021 жылы аралас жекпе-жектегі мансабын 2021 жылы аяқтап, содан бері октагонға мүлдем шыққан жоқ

Global Look Press

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачевтың (25-1) алдағы жекпе-жегінде атақты дағыстандыққ файтер Хабиб Нурмагомедов секундомері болатын болды.

Махачев 2 маусымда Нью-Джерсиде (АҚШ) өтетін UFC 302 турнирінде  америкалық Дастин Порьемен кездеседі. Бұл титулдық жекпе-жек болмақ. 

Ислам Махачев ММА-да 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жеткен. Дастин Порье 38 жекпе-жекте 30 рет жеңіске жеткен.

Осы кездесуде Исламға секундомер ретінде Хабиб көмектеспек.

«Қыран қыс Джерсиге қонды. Ол менің секундомерім болмақ. Шынымды айтсам, бақыттымын. Өйткені ол секундант ретінде, бапкер ретінде, аға ретінде, дос ретінде үздіктердің бірі», - деді Махачев. 

Айта кетейік, 32 жастағы файтер үшінші рет өз атағын қорғамақ. Ол соңғы рет Абу-Дабидегі (БАӘ) UFC 294 турнирінде аустралиялық Александр Волконовскиді жеңген болатын. 

Ал, Дастин Порье Сен-Денидегі UFC 299 турнирінде француз Бенуаны нокаутқа түсірген.