Қияметке дейін Қазақстан футболында болашақ жоқ – Қуат Хамитов

Редактор
12.06.2024, 09:43

Қазақстан бір аптада жолдастық екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды

instagram.com/kuat__khamitov

«Найман» лақап атымен танылған қазақстандық файтер Қуат Хамитов Қазақстан футбол құрамасы Әзірбайжаннан жеңілгеннен кейін отандық футбоолды тағы қатаң тағы сынады.

Ол әлеуметтік желідегі спорттық пабликтегі жазбаның астына пікір қалдырған.

«Қияметке дейін Қазақстанның футболында болашақ жоқ екенін түсінді деп үміттенемін», - деп жазба қалдырды ол.

Айта кетейік, Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу Венгрияда өтті. Матч бастала салысымен Қазақстан екі гол соғып, сенімді түрде алға шыққан. Алайда, бірінші тайм соңында Әзірбайжан есепті қысқартса, екінші таймда тағы екі гол соғып, керемет камбэк жасады. Осылайша, біздің ұлттық құрама соңғы екі матчта да жеңілді.

Сонымен қатар, Қуат Хамитов Legalbet.kz порталына берген сұхбатында да футбол жайлы айтқан.

«Мен футбол сарапшысы емеспін, өйткені бұл ойын бізге не беретінін білмеймін. Егер халық әрдайым ақшасы ауаға ұшып жатқанына қынжылатын болса, ойнаудың не қажеті бар? Олардың әрбір ойыны адамдарды ренжітеді», - дейді Қуат.