Қазақ файтері UFC лигасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізген болатын.
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC on ESPN 58 турнирінде жеңіл салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жеткен қазақ файтері Асу Алмабаев елге оралды. Алматы әуежайында оны ерекше құрметпен қарсы алды.
Асудың жанкүйерлері мен Dar Pro Team командасының өкілдері салтанатты шара ұйымдастырып, спортшыға тосынсый жасаған. Аталған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған.
Еске салайық, UFC on ESPN 58 турнирінде Асу Алмабаев басты кардта өнер көрсеткен болатын. Ол америкалық Хосе Джонсонмен октагонға шығып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осыдан кейін қазақ файтері UFC рейтингінің төртінші орнында тұрған жаңазеландиялық Кай Кара Франсты жекпе-жекке шақырды.