«Күйеуің – екінші Құдайың». Қуат Хамитов қыздарға ақыл айтты (ВИДЕО)

Редактор
22.06.2024, 21:42

Әлеуметтік желіде оны қолдап жатқандар да аз емес

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов TikTok-та қыздарға кеңес айтып, бақытты әйел болу үшін не істеу керектігін өзөінше түсіндірді. Алайда, оның бұл ақыл-кеңесі қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің ашуын тудырды.

Атап айтқанда, спортшы тікелей эфирде бойжеткен қызбен диталог құрып, «әйелді ұруға болмайды» деген тақырыпта сөз таластырған.

«Тәрбиелі қызға ғана үйленемін» деген Хамитов әйел күйеуіне қызмет етіп, ер азаматын құдайындай сыйлауы керек деді.

«Алла қалап, болашақта қызым болғанда, мен оған барынша жақсы тәрбие беремін. Мен қызыма: «Егер сенде Алладан басқа біреуге табынуға рұқсат етілсе, ол күйеуің болуы керек! Егер сен жұмаққа кіргің келсе, алдымен күйеуіңе қызмет ет, сен үшін күйеуің – барың» деп ақыл айтамын. Күйеу – сенің екінші Құдайың, оны қолда және сүй», - дейді файтер.

Сонымен қатар, ол қандай жағдайда ер азамат әйеліне қол көтермейтінін түсіндірді.

«Әйел – тыныштандыратын орын. Сен жұмыстан көңіл-күйсіз, шаршап келгенде, әйел әдемі киіммен, дәмді тамақпен күтіп алса, онда бәрін ұмытып, отбасыңнан күш аласың. Жұмыстан үйге асығып тұрасың. Күйеуіңді патшаны күткендей күтсең, ол саған қол көтермейді», - деп қосты ол.

Әлеуметтік желіде Қуат Хамитовты қолдап жатқандар да аз емес.