Өлтірілген террористердің бірі MMA файтері Гаджимурат Кагиров болуы мүмкін
Аралас жекпе-жектен UFC лигасының чемпионы дағыстандық Ислам Махачев өз елінде болған террористік оқиғадан кейін мәлімдеме жасады.
Ол зорлық-зомбылық пен ауыр қылмыстарға ислам дінінің еш қатысы жоқ екенін және терроризммен асыл дінді байланыстырмауды сұрады.
«Ислам діні бейкүнә адамдарға зорлық-зомбылық жасауға қатаң тыйым салады. Тіпті, оның ар-намысына, мүлкіне нұқсан келтіруге де болмайды. Ешкімнің адам өлтіруге, оның мүлкін бүлдіруге, тыныштығын бұзуға құқығы жоқ.
Адамдыққа жат бұл оқиғаны ислам дінімен байланыстырмаңыздар. Дінде мұның бәріне тыйым салынған», - деп жазды Махачев өзінің Instagram-парақшасында.
Еске салайық, 23 маусымда Дағыстанның Дербент қаласында суық қаруланған бірнеше адам шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады. Салдарынан 10 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. Өлгендердің сегізі – полиция қызметкері, тағы біреуі – шіркеуі өкілі. Сондай-ақ, теракт Дағыстан астанасы Махачкалада да болды. Барлығы 6 лаңкестің көзі жойылды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, теракт жасағандардың бірі – MMA файтері Гаджимурат Кагиров болуы мүмкін. Ол – әйгілі Хабиб Нурмагомедов ашқан спорт мектебінің шәкірті.